01 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №189

405 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 29 маусым, Астана қаласы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4633 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, наурыз - сәуір); 2) «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 110 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 195 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4874 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жыл, маусым - тамыз); 3) «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерiн аттестаттау ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2007 жылғы 12 сәуiрдегi № 110 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 03 желтоқсандағы № 280 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9058 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 15 қаңтар № 8 (28232) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорта министрі А. МҰХАМЕДИҰЛЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №189 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін (бұдан әрі – қызметшілер) аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Қызметшілерді аттестаттау мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізіледі. 3. Аттестаттау кезінде негізгі критерий қызметшілердің оларға жүктелген функционалдық міндеттерін орындау қабілеті болып табылады. 4. Республикалық мәдениет ұйымдарының бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылатын қызметшілерді мәдениет саласындағы орталық уәкiлеттi орган жанындағы аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өткізеді. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық мәдениет ұйымдарының бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылатын қызметшілерді тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары жанындағы аттестаттау комиссиялары аттестаттаудан өткізеді. 5. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбiр кейінгі үш жыл өткен соң, бiрақ осы лауазымға орналасқан күнінен бастап бір жылдан бұрын емес мерзімде аттестаттаудан өтедi. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс. Оқу демалысындағы, еңбек ақысы сақталмайтын демалыстағы (алты айдан аспайтын), жүктілігі және бала (балалар) тууына, жаңа туған баланы асырап алуға, баланың үш жасқа дейін оларға күтім жасауға байланысты демалыстағы қызметшілер жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан ерте емес мерзімде аттестатталады. 2-тарау. Аттестаттау өткізу тәртібі мен шарты 6. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) аттестаттауды өткізуге дайындық; 2) қызметшілермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесу; 3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы. 7. Аттестаттауды өткізуге дайындықты кадр қызметі немесе кадр қызметін жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі – кадр қызметі) ұйымдастырады және ол мынадай іс-шараларды қамтиды: 1) аттестаттауға жататын қызметшіге қажетті құжаттарды дайындау; 2) аттестаттау өткізу кестелерін әзірлеу; 3) аттестаттау комиссиясының құрамын айқындау; 4) қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мақсаты мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру. 8. Қызметшіні тағайындауға уәкілетті тұлға кадр қызметінің ұсынымы бойынша: 1) аттестаттауға жататын қызметшілер тізімін; 2) аттестаттау өткізу кестесін; 3) аттестаттау комиссиясының құрамын; 4) қызметшінің функционалдық міндеттеріне қатысты әңгімелесу үшін сұрақтар мен жауаптар тізбесін бекітеді. 9. Кадр қызметі жарты жылда бір рет аттестаттауға жататын қызметшілерді айқындайды. 10. Кадр қызметі қызметшілерді аттестаттаудан өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей аттестаттау өткізу күні туралы хабардар етеді, сондай-ақ қызметтік мінездеме сұратады. 11. Аттестаттауға жататын қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездеме ресімдейді және оны кадр қызметіне аттестаттау комиссиясының отырысына дейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей жолдайды. 12. Қызметтік мінездеме қызметшінің кәсіби, іскери және жеке қасиеттерін жан-жақты және объективті бағалаудан және қызметтік жұмыс нәтижелерінен тұрады. 13. Кадр қызметі аттестаттауға жататын қызметшіні оған жазылған қызметтік мінездемемен аттестаттау комиссиясының отырысына дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей таныстырады. 14. Аттестаттауға жататын қызметші өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда, кадр қызметіне аттестаттау комиссиясының отырысына дейін, орындалған жұмысы туралы жеке әзірленген есебін ұсынады. 15. Кадр қызметі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда аттестаттауға жататын қызметшіге аттестаттау парағын ресімдейді. 16. Кадр қызметі осы Қағиадалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды аттестаттау комиссиясына аттестаттау комиссиясының отырысына дейін бір күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынады. 17. Аттестаттауға жататын қызметші дәлелді себептермен комиссия отырысына келмеген жағдайда (уақытша еңбекке жарамсыздық немесе қызметтік іссапар кезеңінде), оны аттестаттау мәселесін қарастыру комиссиямен айқындалатын басқа мерзімге ауыстырылады. Аттестаттау мерзімін бір рет қана ауыстыруға жол беріледі. 18. Әңгімелесу нәтижелері бойынша комиссия төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды: 1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді; 2) қайта аттестаттаудан өтуі тиіс; 3) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді. 19. Қайта аттестаттаудан өту осы Қағидалармен айқындалған тәртіппен алдыңғы аттестаттау комиссиясының шешім шығарған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кейін өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы, қайта аттестаттаудан өткізе отырып, төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды: 1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді; 2) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді; 20. Аттестаттау комиссиясының мүшелерімен қол қойылған аттестаттау комиссиясының шешімдері хаттамамен ресімделеді және аттестаттау парағына енгізіледі. 21. Әңгімелесу өткізілгеннен кейін кадр қызметі бес жұмыс күні ішінде қызметшіні аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырады. 22. Қызметшінің аттестаттау парағы, оның қызметтік мінездемесі жеке істе сақталады. 3-тарау. Аттестаттау комиссиясы 23. Аттестаттау комиссиясын кадр қызметінің ұсынысы бойынша басшы құрады және ол комиссия мүшелері мен хатшыдан тұрады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының хатшысы болып кадр қызметінің қызметкері тағайындалады. 24. Аттестаттау комиссиясының төрағасы қызметке басшылық жасайды, отырыстарға төрғалық етеді, жұмысты жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады, қызметке және қабылданатын шешімдерге жауапты болады. 25. Аттестаттау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиісті материалдарды дайындауды жүзеге асырады және оны өткізгеннен кейін хаттаманы ресімдейді. Хатшы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, аттестаттау комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 26. Аттестаттау комиссиясының отырысы оның құрамының кемінде үштен екі құрамы қатысқанда ғана заңды деп саналады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. 27. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясының құрамына кіретін аттестаттаудан өтіп жатқан қызметші өзіне қатысты дауыс берген кезде қатыспайды. 28. Дауыс беру нәтижелері аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көп дауыс беруімен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. 29. Аттестаттау комиссиясы мүшесінің ерекше пікірі жазбаша түрде баяндалады және хаттамаға қоса тіркеледі. 30. Аттестаттау комиссиясының мүшелері аттестаттаудан жалпы негізде өтеді. 31. Аттестаттау комиссиясының шешіміне байланысты барлық даулар Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен шешіледі. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарына қосымша нысан Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні аттестаттау парағы Аттестаттау түрі: кезекті |____| қайта |____| (керегін Х белгісімен белгіле) 1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ____________________________ ____________________________________________________________________ 2. Туылған күні «___» ______________ ______ жыл 3. Білімі, біліктілігін арттыру, қайта даярлау (қашан және қандай оқу орнын бітірді, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, біліктілігін арттыру, қайта даярау туралы құжаттар, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, оларды берген күні) туралы мәлімет ___________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ 4. Атқарып отырған лауазымы мен оған тағайындалған күні___________________________ _____________________________________________________________________________ 5. Жалпы еңбек өтілі ___________________________________________________________ 6. Мемлекеттік және/немесе азаматтық қызметтегі лауазымдардағы жұмыс өтілі _________________________________________________________ 7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің берген ескертулері мен ұсыныстары: _________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 8. Отырысқа аттестаттау комиссиясының _________ мүшесі қатысты. 9. азаматтық қызметшінің қызметін дауыс беру нәтижелері бойынша бағалау: 1) атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) __________; 2) қайта аттестаттаудан өтуге жатады (дауыс саны) _________________;* 3) атқарып отырған лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) ________. 10. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (берілген уәждемелерді көрсете отырып) ______________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 11. Ескертпе __________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Аттестаттау комиссиясының төрағасы: _________________________ (қолы) Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ____________________________ (қолы) Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ____________________________ (қолы) ______________________________ (қолы) ______________________________ (қолы) ______________________________ (қолы) Аттестаттау жүргізген күні «___» ______________ _______ жыл Аттестаттау қорытындылары бойынша ұйым басшысының шешімі ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________ _________________________________________________________________________ Аттестаттау парағымен таныстым: ___________________________________ (азаматтық қызметшінің қолы және күні) Ұйым мөрінің орны * қайта аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14035 болып енгізілді.